2025 жылғы 31 желтоқсан айындағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.
ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №16, 22, 24, 17, 73 мекемелерінің базасында облыстық ЖИТС алдын алу және күрес орталығының ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді
🏥 ШҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №16, 22, 24, 17, 73 мекемелерінің базасында облыстық ЖИТС алдын алу және күрес орталығының ұйымдастыруымен медициналық қызметкерлерге арналған семинар өткізілді.
Дәрісті эпидемиолог-дәрігер Нұрпейісова Гүлнар Қабдуллақызы жүргізді.
💠 Семинардың негізгі тақырыптары:
1. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өңірдегі АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық ахуалы. Эпидемиолог-дәрігер өзекті статистикалық деректерді ұсынып, алдын алу саласындағы негізгі үрдістер мен өзекті мәселелерге назар аударды.
ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Защита теміржол ауруханасына мониторингтік сапар жүргізді
2026 жылғы 28–30 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары “Защита теміржол ауруханасы" ЖШС-не мониторингтік сапар жүргізді.
Сапар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуы бағаланып, практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді. ҚР ДСМ №211 бұйрығына сәйкес халықты АИТВ-ға тексеруге жолдау тәртібі түсіндірілді.
Белоусовка ауылында ағымдағы қызмет пен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мониторингтік сапар өткізілді
2026 жылдың 28 қаңтар күні ШҚО ДСБ "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Белоусовка ауылында ағымдағы қызмет пен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мониторингтік сапар өткізілді.
Жұмыс барысында АИТВ-ға тестілеу алгоритмдерінің сақталуы, медициналық құжаттаманың жүргізілуі, биоматериалды сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ пациенттерге кеңес беру қолжетімділігі тексерілді. Ерекше назар медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және осал топтармен жұмыс істеу мәселелеріне аударылды.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) студенттер арасында тақырыбында дәріс өткізілді
2026 жылдың 27 қаңтар күні Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде (ШҚТУ) студенттер арасында «АИВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.
Спикер: Динара Рашидовна Салимбаева, СПИД орталығының маманы.
Дәрістің мақсаты - студенттердің АИВ жолдары мен алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.
Глубокое ауданының аудандық ауруханасында мониторингтік сапар өткізілді
2026 жылдың 27 қаңтар күні ШҚО ДСБ "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК ағымдағы қызмет пен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мониторингтік сапар өткізілді.
Визит барысында мамандар ұйымдық процестерді, персоналдың кәсіби деңгейін және пациенттердің қанағаттану дәрежесін талдап, мекеменің жағымды жақтарын айқындап, көрсетілетін қызметтердің сапасын одан әрі жақсарту бағыттарын белгіледі.
Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінде 9–10 сынып оқушыларына арналған дәріс өтті
27 қаңтар 2026 ж. КММ «Ы. Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебінде» 9–10 сынып оқушыларына арналған дәріс өтті.
Дәрістің тақырыбы: «Оқушылар арасында АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің алдын алу».
23 қаңтарда 2026 ж. ШҚО ПДО-да медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті
23 қаңтарда 2026 ж. ШҚО ПДО-да медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
ШҚО ЖИТС орталығы ұйымдастырған семинарда эпидемиологиялық жағдай, «95-95-95» стратегиясы, АРТ-терапия, тексеру және тестілеу ережелері, алдын алу шаралары және стигмаға қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Эпидемиолог-дәрігер Арай Айдарқызы АИТВ-ны диагностикалау мен емдеудің маңызды аспектілерін баяндады. Семинар сұрақ-жауап форматындағы белсенді сессиямен аяқталды.
Б. Момышұлы атындағы орта мектепте 8–11 сынып оқушыларына арналған лекция өтті
Глубокое ауданының білім бөліміне қарасты «Б. Момышұлы атындағы орта мектеп» КММ-де 8–11 сынып оқушыларына арналған лекция өтті.
Лекция тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары».
Медициналық қызметкерлерге арналған семинар
НАО «Семей қаласының медициналық университеті» ШҚО Өскемен филиалында медициналық қызметкерлерге арналған семинар өтті.
🧬 Семинар тақырыбы:
АИТВ-инфекциясы. Алдын алу шаралары.
👩⚕️ Іс-шара спикерлері:
▫️ Волкова Галина Васильевна — инфекционист дәрігер;
▫️ Башкирцева Татьяна Михайловна — эпидемиолог дәрігер.
Семинар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары және медициналық қызметкерлерді қорғаудың заманауи тәсілдері қарастырылды.