Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,83%

АИТВ инфекциясының берілу жолдары

АИТВ жұқтырудың үш жолы бар:

• жыныстық – гетеросексуалдық және гомосексуалдық байланыстар кезінде;

• парентеральды – тері мен шырышты қабаттардың тұтастығы бұзылған жағдайда қанмен және оның компоненттерімен;

• анадан балаға - босанғанға дейін, босану кезінде және аз уақыттан кейін және емізу кезінде;

АИТВ-ның берілу қаупі АИТВ жұқтырған адамның дене сұйықтығындағы сау адам байланысатын вирустардың мөлшеріне байланысты.

Вирустың ең жоғары концентрациясы инфекцияға жеткілікті организмнің келесі биологиялық сұйықтықтарында болады:

- қан;

- тұқымдық сұйықтық;

- қынаптық, вагинальды секрециялар;

- ана сүті.