Эпид. ситуация

Официальные сайты

Марқакөл ауылындағы №1 орта мектепте дәріс өтті: АИТВ туралы ашық сөйлестік

Марқакөл ауылындағы №1 орта мектепте АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өтті. Іс-шараны облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым жүргізді.

Оқушылар АИТВ-ның жұғу жолдары, қорғану әдістері, дер кезінде тест тапсырудың маңыздылығы және вирусқа қатысты жалған түсініктер туралы маңызды ақпарат алды. Дәріс ашық форматта өтті – оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, кәсіби жауаптар алды.

Ақпаратты болу – қорғанудың ең тиімді жолы!