Эпид. ситуация

Официальные сайты

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты концерт өтті

Медицина қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысында салтанатты концерт өтті. Іс-шараға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, ақ халатты абзал жандарды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың жанқиярлық еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін алғысын білдірді.

Бұл мерекелік жиынға ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы да қатысты. Біздің ұжым үшін ерекше қуаныш — эпидемиолог-дәрігер Башкирцева Татьяна ШҚО әкімінің қолынан денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат алған сәт болды.

Татьяна Башкирцева — жұқпалы аурулардың алдын алу және эпидемиологиялық бақылау саласында көп жылдық тәжірибесі бар маман. Оның кәсіби біліктілігі мен адамдарға деген шынайы жанашырлығы облыс деңгейінде жоғары бағаланды.

Медицина саласындағы барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз әрдайым еленіп, денсаулық пен амандық әрдайым жанұяларыңыздан арылмасын!