Эпид. ситуация

Официальные сайты

Өскемен жоғары медициналық колледжінде АИТВ бойынша дәріс өтті

Өскемен жоғары медициналық колледжінде студент-медиктерге арналған АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында оқыту дәрісі ұйымдастырылды.

Мамандар АИТВ-ның берілу жолдары, жұқпаның алдын алу тәсілдері, ерте тестілеудің маңызы және инфекциялық қауіпсіздік стандарттарын сақтау қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар болашақ медицина қызметкерлеріне осал топтармен жұмыс жүргізу және этикалық тұрғыдан дұрыс кеңес беру қағидалары түсіндірілді.

Дәріс студенттерге кәсіби даярлық барысында маңызды практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берді. Шара болашақ медиктердің ақпараттандырылуын арттырып, АИТВ-ның алдын алу бойынша жауапкершілік қалыптастыруға бағытталды.