Эпид. ситуация

Официальные сайты

«Защита теміржол ауруханасының» медицина қызметкерлеріне арналған семинар

22 мамырда Өскемен қаласындағы «Защита теміржол ауруханасы» ЖШС базасында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараны ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы ұйымдастырды. Семинардың мақсаты — медицина мамандарының АИТВ-инфекцияның алдын алу, эпидемиологиялық қадағалау және негізгі топтармен жұмыс істеу саласындағы құзыреттерін арттыру.

Семинар эпидемиолог-дәрігер Г.К. Нұрпейісованың 2025 жылдың алғашқы төрт айындағы облыстағы АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндамасымен ашылды. Қатысушыларға індеттің таралуы, жұғу жолдары және негізгі ошақтар туралы өзекті мәліметтер ұсынылды.

Кейін медицина қызметкерлері АИТВ-инфекцияның алдын алуға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырылды. Балалар мен ересектерді міндетті клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру мәселелері талқыланды, әсіресе осал топтарға ерекше назар аударылды.

Семинар барысында Инфо-Лаб деректер базасымен жұмыс істеу, кодтау ережелері, зертханалармен өзара іс-қимыл және жолдаудың алгоритмдері қарастырылды.

Қатысушылар АИТВ-инфекцияның алдын алу бойынша медицина қызметкерлеріне арналған әмбебап шараларға ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар, сондай-ақ медициналық ұйымдарда (МҰ) байланыстан кейінгі (ПКП) және байланысқа дейінгі (ДКП) профилактиканы ұйымдастыру жолдары түсіндірілді.

Семинар соңында АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен дискриминацияға жол бермеудің маңыздылығы атап өтіліп, медицина қызметкерлері кәсіби этика нормаларын сақтауға және өз істеріне жауапкершілікпен қарауға шақырылды.