Өскемен қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, стигма мен кемсітушілік туралы түсіндіру мақсатында дәріс өтті. Іс-шараға 15 қызметкер қатысты.
Дәрісті ұйымдастырған — ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының алдын алу бөлімі. Мамандар қатысушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану шаралары, инфекцияға қатысты жиі таралған қате пікірлер туралы кеңінен ақпарат берді.
Дәріс барысында қызметкерлер АИТВ жұқтырған адамдарға деген қоғамдық көзқарас, стигма мен кемсітушілік мәселелері жайлы да пікір алмасты. Қатысушылардың үшеуі өз еркімен және аноним түрде экспресс-тестілеуден өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты — ерте диагностиканың маңыздылығын көрсету және тестілеудің қолжетімді екенін түсіндіру.
Дәріс соңында барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Онда АИТВ туралы маңызды мәліметтер, алдын алу жолдары мен көмекке жүгінуге болатын мекемелердің байланыс деректері көрсетілген.