Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Қолдау, қамқорлық және қауіпсіздік: “Ана Үйі” ҚҚ Ана үйіндегі кездесу

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балалардың балалар үйіне түсуін азайту мақсатында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Ана Үйі” Қоғамдық қорының Ресурстық орталығында маңызды кездесу өтті. Бұл кездесуге ШҚО ЖИТС орталығының маманы қатысты.

ЖИТС орталығының алдын алу бөлімінің жетекшісі Аукенова Аяулым қатысушыларға АИТВ және оның алдын алу шаралары туралы жан-жақты ақпарат берген дәріс өткізді. Сонымен қатар, барлық қалағандар үшін тегін және құпия түрде экспресс-тестілеу жүргізілді. Кездесу барысында АИТВ-мен өмір сүретін жұптар – дискордантты жұптар тақырыбына ерекше назар аударылды. Яғни, олардың біреуі АИТВ-мен өмір сүрсе, екіншісі жұқтырмаған жағдайларда қауіпсіз өмір сүру мен отбасын құрудың жолдары түсіндірілді.

Дәрігер достық кабинет жұмысы туралы айтып берді. Бұл жерде кез келген адам кәсіби медициналық көмекті ешқандай кемсітусіз және айыптаусыз ала алады. Гинеколог пен басқа да мамандардың қабылдауы толығымен тегін әрі сенім мен қауіпсіздік жағдайында өтеді.