Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығы 29-мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған лекция өткізді

Бүгін Өскемен қаласындағы №29 мектепте Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық лекция өтті. Шараны ШҚО ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының профилактика бөлімі ұйымдастырды.

Мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының таралу жолдары, қорғану тәсілдері туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ жасөспірімдерге денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру жөнінде кеңестер берілді.

Лекция мазмұнды сұрақ-жауап форматымен аяқталып, оқушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша толыққанды ақпарат алды.