Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 желтоқсан айындағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

Белоусовка ауылында ағымдағы қызмет пен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мониторингтік сапар өткізілді

2026 жылдың 28 қаңтар күні ШҚО ДСБ "Глубокое ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Белоусовка ауылында ағымдағы қызмет пен көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау мақсатында мониторингтік сапар өткізілді.

Жұмыс барысында АИТВ-ға тестілеу алгоритмдерінің сақталуы, медициналық құжаттаманың жүргізілуі, биоматериалды сақтау және тасымалдау шарттары, сондай-ақ пациенттерге кеңес беру қолжетімділігі тексерілді. Ерекше назар медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету және осал топтармен жұмыс істеу мәселелеріне аударылды.

Мониторингтік топ медициналық қызметкерлердің практикалық сұрақтарына жауап беріп, бірқатар ұсыныстар берді.

Бұл сапар аймақтағы АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға көрсетілетін көмектің сапасын арттыру және аурудың алдын алу жүйесін нығайту жолындағы маңызды қадам болды.