ШҚО ЖИТС орталығындағы Ашық есік күні: салауатты болашаққа қадам
ЖИТС-пен күрес күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтті. Іс-шара өңір тұрғындарын ЖИТС-тың алдын алу, тестілеуден өту және мамандардан кеңес алу сияқты маңызды тақырыптарға назар аударуға шақырды.
Қонақтарға жедел АИТВ тестілеу қызметі ұсынылды, нәтижелер небәрі 20 минут ішінде дайын болды. Сондай-ақ, тілек білдірушілер қан тапсырып, толыққанды зертханалық талдау жасата алды. Әрбір қатысушыға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу және заманауи емдеу әдістері туралы ақпараттық материалдар таратылды.