Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары "Ем Алу плюс" ЖШС емханасында мониторингтік жұмыс өткізді

20 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі орталығының мамандары "Ем Алу плюс" ЖШС емханасында мониторингтік жұмыс өткізді.

Сапар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мен емдеуге және әдістемелік көмек көрсетуге байланысты медициналық қызмет көрсету сапасын бағалауға бағытталған. Сапар барысында ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологтары медициналық көмек көрсету стандарттарының сақталуын тексерді, құжаттамаға талдау жүргізді, емдеу және алдын алу мәселелері бойынша медицина қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.

"Защита теміржол ауруханасы" ЖШС-не мониторингті сапар жасалды

19 тамыз күні ЖИТС орталығының мамандары "Защита теміржол ауруханасы" ЖШС-не мониторингті сапар жасады. Сапардың мақсаты – АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу бойынша көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бағалау.

Сапар барысында ЖИТС орталығының мамандары диагностика және емдеу стандарттарының тексеріп, аурухана қызметкерлерімен алдын алу шаралары және емдеу әдістері туралы  ақпараттық жұмыс жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша медициналық мекеменің осы бағыттағы жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар әзірленетін болады.

Өскемен қаласының №1 емханасында «Өз мәртебеңді біл» атты акция өткізілді

16 тамызда Өскемен қаласының Потанина 4 мекенжайында орналасқан №1 емханасында «Өз мәртебеңді біл» атты акция өткізілді. Бұл шара тұрғындардың денсаулыққа жауапкершілігін арттыру және өздерінің АИТВ мәртебесін білуге ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Акция барысында емхана қызметкерлері мен қала тұрғындарға ВИЧ туралы кеңестер беріліп, инфекцияның таралу жолдары, оның алдын алу әдістері және дұрыс емделу жолдары жайлы ақпарат таратты.

Тестілеуден өтушілер саусақ арқылы немесе тамыр арқылы қан тапсырды.

ЦентрКредит банкінің бөлімшесінде «Өз мәртебеңді біл» акциясы өтті

Қабанбай батыр көшесі, 91 мекенжайында орналасқан ЦентрКредит банкінің бөлімшесінде ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталық ұйымдастырған «Өз мәртебеңді біл» атты акция өтті. Іс-шара аясында орталық мамандары банк қызметкерлері мен келушілері үшін АИТВ-ға тегін тестілеу өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты - халықтың АИТВ-инфекциясы және тұрақты тестілеудің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру болды. Акция барысында барлық ниет білдірушілер АИТВ-ға тестілеуден өте алды.

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясында мониторинг жүргізді

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлері Бурова көшесі, 53 мекенжайындағы «Денсаулық» дәрігерлік амбулаториясында мониторинг жүргізді.

Сапардың басты мақсаты – профилактикалық іс-шаралар, методикалық және ақпараттық жұмыс жүргізу.

Шара аясында мамандар зертханалардың, дәрігерлер кабинеттердің, жастар орталығының қызметімен танысты.

Нәтижесінде, қызмет сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді. ЖИТС орталығының мамандары әдістемелік көмек көрсетуге дайындығын білдірді.

ШҚО ЖИТС орталығының қызметкерлері жастар арасында АИТВ туралы ақпараттандыру туралы блиц-сауалнама жүргізді

Жастар арасында АИТВ туралы білім - өзекті мәселе. Осыған байланысты блиц-сауалнама жүргізілді, оның мақсаты жастардың АИТВ берілу жолдары, алдын алу шаралары және АИТВ-мен өмір сүретін адамдармен қарым-қатынасы туралы білім деңгейін анықтау болды.

АИТВ-ға тестілеу бойынша кең ауқымды науқан

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеніспекова шығысқазақстандықтарға емханаларда, Арбатта, АДК сауда орталығында, Славская жағалауында, өнеркәсіп мекемелерінде 2024 жылдың қараша айына дейін акциялар жүргізілетінін хабарлайды.

«Денсаулық» ЖШШ қызметкерлеріне тәжірибелік сабақ өткізілді

09.08.2024ж. ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-инфекциясына жедел тестілеу алгоритмі (ЭТ) және ЭТ нәтижелерін тіркеу бойынша «Денсаулық» ЖШШ қызметкерлеріне тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Өскемен қаласының №1 емханасында «Өз мәртебеңді біл!» іс-шарасы өткізілді

2024 жылдың 9- тамызында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары  «Өскемен қаласының №1 емханасы» ШЖҚ КММ-мен бірлесіп «

Мониторингтік топ «Амбулаториялық емханасы» мекемесінде

2024 жылдың 8- тамызында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мониторингтік тобы Өскемен қаласындағы «Амбулаториялық емханасы» мекемесіне барды.