ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Зайсан аудандық ауруханасында мониторинг және семинар өткізді
Өткен аптада Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Зайсан аудандық ауруханасында мониторинг және оқыту семинарын өткізді.
Сапардың мақсаты – бағдарламалық іс-шаралардың орындалу барысын бағалау және медицина қызметкерлерінің АИТВ мәселелері бойынша құзыреттілігін арттыру. Мониторинг аясында негізгі көрсеткіштер бойынша деректер жүйеленіп, аудандық аурухана қызметкерлеріне ресурстарды тиімді пайдалану және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу мәселелері бойынша кеңестер берілді.