Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Сіздің үлесіңіз — баға жетпес, еңбегіңіз — үлгі

Біз әріптестеріміз — Солтанбек Рамазанович пен Галина Васильевнаны зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салдық. Олар жылдар бойы Орталықтың бір бөлшегіне ғана емес, нағыз тәлімгер, дос әрі кәсібиліктің үлгісіне айналды.

Сұлтанбек Рамазанович жылдар бойы эпидемиямен күресіп, әрбір науқасқа қамқорлықпен қарап, алдын алу мен қолдауды өмірлік миссиясына айналдырды.
Галина Васильевна — қиын сәттердің өзінде жанымыздан табылған жан. Оның тәжірибесі, сезімталдығы мен өмірге деген құштарлығы бүкіл ұжымға шабыт беріп келді.

«Рақмет» айту жеткіліксіз.
Оларға зор денсаулық, тыныш әрі мазмұнды өмір, жаңа белестер мен қуанышты сәттер тілейміз. 💐

Шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
-