Эпид. ситуация

На 31 декабря 2025 г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 1,0%

ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Защита теміржол ауруханасына мониторингтік сапар жүргізді

2026 жылғы 28–30 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары “Защита теміржол ауруханасы" ЖШС-не мониторингтік сапар жүргізді.

Сапар барысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша іс-шаралардың орындалуы бағаланып, практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді. ҚР ДСМ №211 бұйрығына сәйкес халықты АИТВ-ға тексеруге жолдау тәртібі түсіндірілді.

«ИнФоЛаб» МАЖ-мен жұмыс істеу, кодтарды дұрыс қолдану, сондай-ақ АИТВ-ға экспресс-тесттерді жүргізу бойынша практикалық көмек көрсетілді. АИТВ-инфекциясын ерте диагностикалау мәселелері бойынша семинар өткізілді.