Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығының семинары №4 қалалық ауруханада өтті

№4 қалалық аурухананың Тері-венерологиялық орталығы филиалында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен семинар өтті.

Семинар барысында медицина қызметкерлері АИТВ инфекциясын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері, науқастармен жұмыс істеу қағидалары және алдын алу шаралары туралы өзекті ақпарат алды. Сонымен қатар, мамандар АИТВ-ға қатысты стигма мен кемсітушілік мәселелерін талқылап, ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті.

Бұл семинар медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, өңірдегі медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді.