Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Күршім аудандық ауруханасындағы ЖИТС орталығының мониторинг тобы

Осы аптада Күршім аудандық ауруханасына ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мониторинг тобы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында АИТВ инфекциясы бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасы тексеріліп, медициналық қызметкерлерге арналған оқыту семинары өткізілді.

Семинарда АИТВ-ның алдын алу, ерте анықтау, негізгі топтармен жұмыс істеу және АИТВ жұқтырған адамдарды жүргізу мәселелері талқыланды. Ерекше назар құпиялылықты сақтау мен пациенттердің құқықтарын қорғауға аударылды.

Мұндай іссапарлар мекемелер арасындағы өзара байланысты нығайтуға және өңірдегі медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізеді.