Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті

2025 жылғы маусым айында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығында медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Бұл ерекше күн — адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға арналған құрметтің белгісі.

Іс-шара барысында орталықтың директоры және басшылық құрамы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың күнделікті қажырлы еңбегі мен қоғамға қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Жиында үздік қызметкерлер алғыс хаттармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Орталық ұжымы алдағы уақытта да халық денсаулығы жолында еңбек етуді абыройлы міндет деп санайды.