Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС алдын алу орталығында зейнет жасына жеткен қызметкерлерді құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығында зейнет жасына жеткен қызметкерлерді қарттар күнімен – даналықтың, өмірлік тәжірибе мен рухани жомарттықтың мерекесімен шын жүректен құттықтау рәсімі өтті.

Кәсіподақ комитеті мен бүкіл ұжым атынан құрметті әріптестерімізге көпжылдық адал еңбегі, кәсіби шеберлігі мен мекеменің дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс сөздері айтылды.

Осындай қадірлі, парасатты жандардың біздің ұжымда жұмыс істейтіні – біз үшін үлкен мақтаныш!