Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының  таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты

Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлері «Ұлттық диктант» акциясына қатысты.

2025 жылдың 29 қазанында Өскемен қаласында жалпыұлттық «Ұлттық диктант» акциясы өтті. Іс-шара Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен және Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен тұспа-тұс келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталды.

«Ұлттық диктант» жобасының басты мақсаты – халықтың жазу сауаттылығын арттыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және тіл мәдениетін нығайту болып табылады.

Акцияға облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері белсенді қатысты. Қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын көрсетті.

Іс-шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен және «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 

ЖИТС орталығының «Ұлттық диктантқа» қатысқан қызметкерлері:

- Кусаинова Сандугаш Елеуовна;

- Чидербаева Аида Жанботовна;

- Абақанова Ақзер Болатханқызы;

- Назыроллақызы Асыл.