Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

ЖИТС орталығы №19 мектеп оқушыларына дәріс өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы «Болашақ» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, №19 мектептің 7–9 сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс өткізді.

Іс-шара Бүкіләлемдік ЖИТС-пен күрес күніне орай ұйымдастырылып, оның мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС туралы сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Дәріс барысында мамандар оқушыларға АИТВ инфекциясының берілу жолдары, алдын алу шаралары және өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы түсіндірді.