Эпид. жағдай

2025 жылғы 31 қазан айында жағдай бойынша 15-49 жас аралығындағы азаматтар арысында АИТВ-инфекциясының таралуы 1,0% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС орталығында Ашық есік күні өтті

ШҚО ЖИТС орталығында халықтың АИТВ профилактикасы туралы білімін арттыру және медициналық қызметтерге деген сенімді күшейту мақсатында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Шара барысында келушілер профильді дәрігерлерден кеңес алып, қажет талдауларды тапсыру мүмкіндігіне ие болды.

Қонақтар сенім кабинетіне жүгініп, онда мамандар қауіпсіз мінез-құлық туралы ақпарат беріп, анонимді және жеке кеңес жүргізді. Сонымен қатар достық кабинеті жұмыс істеп, осал топтарға қолдау көрсетілді. Онда азаматтар өздеріне қажетті көмекті жайлы әрі құпия жағдайда ала алды.

Іс-шара тұрғындарға АИТВ-ның алдын алудың заманауи тәсілдері туралы көбірек білуге, тексеруден өтуге және білікті мамандардан ұсыныс алуға мүмкіндік берді. Ашық есік күні халық денсаулығын сақтау жолында ақпараттың қолжетімділігінің маңызын тағы да айқындады.