Эпид. ситуация

На 31 августа 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Колледжде контрацепция күніне арналған акция өтті

Әлемдік контрацепция күніне орай колледжде акция ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында репродуктивті денсаулықты сақтау, АИТВ және басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, ақпараттық сауаттылықты арттыру болды.

Акция аясында Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының, Ана мен бала орталығының әйелдер консультациясының мамандары және үкіметтік емес ұйым өкілдері студенттерге дәріс оқыды.

Іс-шара жастарға жақын форматта өтті: қатысушылар викторинаға қатысып, пайдалы ақпарат алды және сыйлықтарға ие болды.