Эпид. ситуация

На 31октября 2025г. распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 1,0%.

ШҚУ жоғары колледжінде АИТВ туралы сабақ өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ жоғары колледжінде студенттерге арналған АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық сабақ ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары студенттерге АИТВ-ның берілу жолдары, алдын алу тәсілдері және ерте тестілеудің маңызы туралы түсіндірді. Студенттер сұрақтар қойып, кәсіби кеңестер алды.

Сабақ жастардың ақпараттандырылуын арттыруға және АИТВ-дан қорғанудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.