Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Репродуктология орталығында өткен семинар

Орталықтың дәрігер-эпидемиологы Г.Қ.Нұрпейісова 2024 жылдың 12 қаңтарында Өскемен қаласындағы «Персона» халықаралық клиникалық репродуктология орталығы» ЖШС филиалының медицина қызметкерлеріне жоспарлы семинар өткізді. Медицина қызметкерлеріне арналған семинар халықтың репродуктивті денсаулығын сақтау саласында АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Бүгінгі таңда жүкті әйелдерді және олардың жыныстық серіктестерін АИТВ-инфекциясына  уақтылы тексеру АИТВ-инфекциясының анадан балаға берілуін болдырмау шараларының бірі болып табылады.