Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

Облыстық телеарнадағы таңғы телебағдарламада ШҚО ЖИТС орталығының жұмысы туралы айтылды.

Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және күрес  жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Татьяна Башкирцева ALTAY телеарнасындағы «Алтай таңы» бағдарламасында тікелей эфирде айтты.

Дәрігер АИТВ және ЖИТС не екенін және инфекцияның таралу жолдары туралы айтып берді. Татьяна Михайловна облыстағы эпидемиологиялық жағдай туралы да мәлімет берді.

Пікірталас халықтың қай топтары АИТВ-инфекциясына көбірек бейім және оның жүкті әйелдер үшін қауіптілігі туралы болды. Тексеру әдістері мен алдын алу жолдарына да тоқталды.

Біз АИТВ індетін жұқтырған ананың дені сау баланы қалай дүниеге әкелетінін, медициналық ұйымдардың, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, ШҚО ана мен бала орталығының дәрігерлері Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТСтің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып әңгімелестік.

Орталықтың жұмысына тоқталып, Татьяна Башкирцева емделушілерге қандай көмек көрсетілетінін егжей-тегжейлі айтып берді. Татьяна Михайловна жұқпалы ауруларды емдеудің препараттары мен әдістері туралы қысқаша айтып берді, сондай-ақ орталық дәрігерлері тағайындаған қатынасқа  дейінгі профилактика және оны тағайындайтын жағдайлар туралы мәліметтермен толығырақ бөлісті.

Эфир соңында эпидемиолог аудиторияға сөйлеп, АИТВ-ға тексерілу үшін қайда келуге болатынын айтты.

Осы тақырыптың кеңінен қамтылуының арқасында таңғы бағдарламаны көретін ересектер жұмысқа барар алдында, студенттер сабаққа барар алдында өңірдің түкпір-түкпірінен жұқпалы аурулардың алдын алу жайлы білді. 

Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлескен жұмыс халықты сауықтыру және салауатты өмір салтын болдырмау тақырыбын насихаттауға көмектеседі.