Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының дәрігерлері ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында семинар өткізді.

      Онколог дәрігерлерге облыстағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай айтылып, қолданыстағы нормативтік құжаттармен таныстырылды. Оқытуды Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы Гүлнар Нұрпейісова мен диагностикалық зертхананың аға зертханашысы Наталья Ильиненко жүргізді. Дәрігер-эпидемиолог Гүлнар Қабдуллақызы ересектер мен балалардағы клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға міндетті тестілеу туралы айтты. Медицина қызметкерлері арасында төтенше жағдайларды және АИТВ-ның алдын алудың әмбебап шараларын қарастырылды. АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне тоқталды. Аға зертханашы Наталья Ильиненко АИТВ-инфекциясына қан сынамаларын алу ережелері және ШҚО ЖИТС орталығының зертханасына жеткізу мерзімі туралы айтты. Қан үлгілеріне дұрыс код қоюға ерекше көңіл бөлінді. Семинар барысында ДДҰ-ның алдын ала квалификациясынан өткен төртінші буын экспресс-тестін қолдану арқылы АИТВ-ға экспресс-тестілеу бойынша тәжірибелік сабақтар өткізілді.