Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,83% құрады.

Ресми сайттар

МЕН САҚТАНДЫРЫЛҒАНМЫН: МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ ҚАНДАЙ?

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылып, медициналық сақтандыру қорына жүйелі түрде төлемдер енгізсеңіз, сізге қолжетімді болады:

Қажет болған жағдайда және көрсеткіштер бойынша барлық консультациялық-диагностикалық көмек. Бұл:

📍ауруды диагностикалау, емдеу және бақылау бойынша бейінді мамандардың кеңестері.

📍диагностикалық қызметтер, соның ішінде зертханалық қызметтер және КТ, МРТ, ПТР, ИФА және т. б. сияқты қымбат тексерулер.

📍 тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бекітілген тізбесі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.

📍ересектерді профилактикалық тексеру-жатыр мойны обырына, сүт безі обырына, колоректальды обырға, гепатитке скринингтік тексерулер.

📍жоспарлы және шұғыл стоматология-халықтың жекелеген жеңілдікті санаттары үшін (балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және т. б.).

Стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде үйдегі стационар.

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, күндізгі стационарда емдеу, медициналық манипуляциялар мен шағын хирургиялық операциялар жүргізу.

Жоспарлы стационарлық көмек.

Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып және тәулігіне 24 сағат медициналық бақылаумен тәулік бойғы стационарда емдеу, хирургиялық операциялар жүргізу

Инсульттан, операциядан және ауыр сырқаттан кейінгі медициналық оңалту, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалту.

Достар, бұл медициналық көмектің барлығы учаскелік дәрігер арқылы тиісті көрсеткіштер бойынша көрсетіледі.