Эпид. ситуация

Официальные сайты

Шығыс Қазақстан облыстық білім беруді ақпараттандыру және дамыту өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы «Өркенде» оқушылар мен студенттерге арналған интерактивті сабақ ұйымдастырылды.

Сабақтың қонағы – Аукенова Аяулым, ШҚО СПИД орталығының профилактикалық бөлімінің жетекшісі болды. Ол «сұрақ–жауап» форматында:
 • АИТВ мен ЖИТС дегеніміз не,
 • инфекцияның берілу жолдары,
 • қоғамдағы кең тараған мифтер,
 • өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып өтті.

Мұндай кездесулер жастарға шынайы ақпарат алуға, қате түсініктерді жоюға және алдын алудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.