Сабақтың қонағы – Аукенова Аяулым, ШҚО СПИД орталығының профилактикалық бөлімінің жетекшісі болды. Ол «сұрақ–жауап» форматында:
• АИТВ мен ЖИТС дегеніміз не,
• инфекцияның берілу жолдары,
• қоғамдағы кең тараған мифтер,
• өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып өтті.
Мұндай кездесулер жастарға шынайы ақпарат алуға, қате түсініктерді жоюға және алдын алудың маңыздылығын түсінуге көмектеседі.