5518 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс пен экспресс-тест жүргізу шарасы өтті. Іс-шараны ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — әскери қызметшілердің АИТВ/ЖИТС туралы білім деңгейін арттыру, вирус жұғу жолдарын түсіндіру, алдын алу шараларын насихаттау және жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.