Эпид. ситуация

Распространенность ЛЖВ среди граждан в возрасте 15-49 лет составила 0,97%.

Білу — өзіңді қорғаудың жолы: 5518 әскери бөлімінде АИТВ бойынша дәріс пен экспресс-тест өткізу

5518 әскери бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша дәріс пен экспресс-тест жүргізу шарасы өтті. Іс-шараны ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — әскери қызметшілердің АИТВ/ЖИТС туралы білім деңгейін арттыру, вирус жұғу жолдарын түсіндіру, алдын алу шараларын насихаттау және жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.