Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті
«М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінде» АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық дәріс өтті. Іс-шара ашық әңгіме форматында өтіп, оқушылардың еркін сұрақ қойып, талқылауға белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Облыстық орталықтан келген мамандар жастарға АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу шаралары және уақтылы тексерілудің маңызы туралы айтып, инфекцияға байланысты кең тараған қате түсініктерді жоққа шығарды.