Эпид. жағдай

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.

Ресми сайттар

Білім – қорғаныстың алғашқы жолы: Марқакөл ауылындағы мектеп-интернат-колледжде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

АИТВ-ның алдын алу мақсатында Марқакөл ауылындағы мектеп-интернат-колледж базасында ақпараттық дәріс ұйымдастырылды. Кездесуге облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Аукенова Аяулым спикер ретінде қатысты.

Дәріс барысында қатысушылар келесі маңызды тақырыптармен танысты:
   •   АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу әдістері;
   •   Тұрақты түрде тексеруден өту қажеттілігі – симптомдар болмаса да тест тапсырудың маңыздылығы және ЖИТС орталығында қалай анонимді тексерілуге болатыны туралы;
   •   Психоәлеуметтік аспектілер – АИТВ төңірегіндегі қорқыныш пен стигманы қалай жеңуге болатыны, жақын адамдарға қолдау көрсету және басқаларға қауіп төндірмеу жолдары.

Аукенова Аяулым әр адамның ақпараттануы мен жауапкершілігі – қоғам денсаулығының кепілі екенін атап өтті. Дәріс соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ЖИТС орталығының тегін кеңес беру қызметтері мен сенім телефондары көрсетілген ақпараттық парақшалар алды.