ШҚО ЖИТС орталығының мамандары №1 қалалық ауруханада медицина қызметкерлеріне арналған семинар өткізді
№1 қалалық ауруханада Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары Волкова Галина Васильевна инфекционист дәрігері және Башкирцева Татьяна Михайловна дәрігер-эпидемиолог медицина қызметкерлеріне арналған оқу семинарын ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты – медицина мамандарының АИТВ инфекциясының алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері туралы білім деңгейін арттыру.