Медицина қызметкерлеріне арналған Семинар: АИТВ-ның алдын алудың өзекті мәселелері
Өскемен қаласының № 1 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығында инфекциялық қауіпсіздік саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған медицина қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Іс-шараны Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Кениспекова Сәуле Кениспековна өткізді. Ол АИТВ-ның алдын алудың заманауи әдістеріне, инфекциялық тәуекелдерді анықтау және бақылау алгоритмдеріне назар аударды.