ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,97% құрады.
Сіздің үлесіңіз — баға жетпес, еңбегіңіз — үлгі
Біз әріптестеріміз — Солтанбек Рамазанович пен Галина Васильевнаны зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салдық. Олар жылдар бойы Орталықтың бір бөлшегіне ғана емес, нағыз тәлімгер, дос әрі кәсібиліктің үлгісіне айналды.
Сұлтанбек Рамазанович жылдар бойы эпидемиямен күресіп, әрбір науқасқа қамқорлықпен қарап, алдын алу мен қолдауды өмірлік миссиясына айналдырды.
Галина Васильевна — қиын сәттердің өзінде жанымыздан табылған жан. Оның тәжірибесі, сезімталдығы мен өмірге деген құштарлығы бүкіл ұжымға шабыт беріп келді.
Қолдау, қамқорлық және қауіпсіздік: “Ана Үйі” ҚҚ Ана үйіндегі кездесу
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және балалардың балалар үйіне түсуін азайту мақсатында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан “Ана Үйі” Қоғамдық қорының Ресурстық орталығында маңызды кездесу өтті. Бұл кездесуге ШҚО ЖИТС орталығының маманы қатысты.
№7 Өрт сөндіру бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында дәріс өтті
Өскемен қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінде АИТВ инфекциясының алдын алу, жұғу жолдары, стигма мен кемсітушілік туралы түсіндіру мақсатында дәріс өтті. Іс-шараға 15 қызметкер қатысты.
Дәрісті ұйымдастырған — ШҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының алдын алу бөлімі. Мамандар қатысушыларға АИТВ-ның берілу жолдары, одан қорғану шаралары, инфекцияға қатысты жиі таралған қате пікірлер туралы кеңінен ақпарат берді.
ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының зертхана мамандары Ана мен бала орталығының медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинарын өткізді
Іс-шара барысында экспресс-тестілерді дұрыс жүргізу, нәтижелерді түсіндіру және тестілеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары қарастырылды. Семинар практикалық бөліммен жалғасып, қатысушылар өз дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды.
ШҚО бойынша ҚДИАҒО мониторинг қорытындыларына арналған селекторлық жиын
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚДИАҒО, ШҚО ЖИТС орталығы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің қатысуымен селекторлық кеңес өтті.
⠀Кеңесте мониторинг нәтижелері талқыланып, өңірдегі эпидемиологиялық ахуал, алдын алу және емдеу шараларын жетілдіру жолдары қарастырылды.
⠀Бірлескен жұмыс – аймақтағы денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың маңызды қадамы.
6699 әскери бөлімінде жас сарбаздарға АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді.
Шара барысында сарбаздарға АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану тәсілдері және тұрақты түрде тексерілудің маңыздылығы түсіндірілді. Дәрістен кейін 177 сарбаз орнында қан тапсырып, АИТВ-ға жедел тестілеуден өтті.
Іс-шараның мақсаты — жастардың ақпараттылығын арттырып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
ШҚО-дағы АИТВ-ның алдын алу және емдеу мәселелері бойынша мониторинг
30 маусым мен 4 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысында АИТВ-инфекция мәселелері бойынша мониторинг өтті. Іс-шараны Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының (ҚДИАҒО) мамандары ұйымдастырды. Мониторингтің негізгі мақсаты – өңірдегі АИТВ саласындағы көмек көрсету жағдайын жан-жақты зерделеу, медициналық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды бағалау және ұлттық хаттамалардың сақталуын тексеру болды.
ҚДИАҒО мониторингтік тобы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға, негізгі топтарға диагностика, алдын алу және медициналық қызметтер көрсету, сондай-ақ АИТВ-ның вертикалды жолмен берілуінің алдын алу мәселелері бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысына ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының мониторингтік тобы келді.