ШҚО ЖИТС орталығы мамандарының Самар ауданы ауруханасына жұмыс сапары
Шығыс Қазақстан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Самар ауданының аудандық ауруханасына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты — АИТВ инфекциясының алдын алу және емдеу мәселелері бойынша жергілікті медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мониторинг жүргізу.